Текст
21.11.2025

Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге
Біздің мектепте Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – қауіпсіздік үшін бірге» акциясы сәтті өтті. Акция аясында 7-11 сынып оқушылары заң сақтаудың және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы тақырыбында бірыңғай баяндама жазды.
Бұл іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық білімдерін бекіту, Заңның сақталуының және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндіру.
Үздік жұмыстар: 7 - сынып-Хадисова П., Козлов С., 9-сынып-Шадрина А., Батухтина в., 10-сынып: Шанбаев Т., 11-сынып: Гавриляк С.
Іс-шара балаларға құқықтық білімді нығайтуға, полицияның қоғамдағы рөлін түсінуге және қауіпсіз ортаны құруға әркімнің қалай үлес қоса алатынын талқылауға мүмкіндік берді.