Текст
Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдыларын және ойлауын дамыту.
Оқушылар бейресми, ойын түріндегі ортада өз білімдерін сынап, нағыз полиглот ретінде жарысты.
Байқау бағдарламасы:
✔ «Жұмбақтар» – жауапты үш тілде айту
✔ «Мақалды аяқта» – мақал-мәтелді жалғастыру
✔ Сергіту сәті – көңілді ойын «Simon says»
✔ «Ол кім? Бұл не?» – жануарлар мен мамандықтарды табу
Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, зеректік пен білімдерін көрсетіп, үш тілді жақсы меңгергендерін дәлелдеді.
Белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!