Құрметті ата-аналар сіздерге бірінші сыныпқа түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Мектеп дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет),
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және № 026/Е-3 нысаны, "баланың денсаулық паспорты" 026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
4) баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.