Текст
Дәстүрлімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні мектебімізде Наурыз мерекесін атап өттік. Мерекелік концертіміз шашу шашумен басталды. Наурыз мерекесі биыл ерекше өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өтті. Өзбектер, дұнғандар, гректер, әзірбайжандар, немістер тағы басқа ұлт өкілдері келіп өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында оқушылармен ұстаздар, келген қонақтарды наурыз мерекесіне арналып жайылған әр ұлттың астарынан дәм татуға дастарханға шақырылды.